Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының

«Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, реставрациялау және қорғау орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің қызметі

 

Қорғау бөлімі қызметінің мақсаты тарихи-мәдени мұра объектілерін, киелі объектілерді зерттеу, қалпына келтіру және қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Қорғау бөлімі мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) тарихи-мәдени мұра объектілері мен киелі объектілерді анықтау, есепке алу, сақтау, зерделеу, пайдалану және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу; тарих және мәдениет ескерткіштері туралы жаңа мәліметтерді анықтау бойынша; мүдделі органдармен бірлесіп қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафтты айқындау бойынша жұмыс жүргізеді;

2) тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде тану туралы; тарихи-мәдени сараптама жүргізу туралы; тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстар енгізеді;

3) жылжымайтын тарихи және мәдени ескерткіштер бұзылған, құлаған, орын ауыстырылған және өзгерген жағдайда оларды ғылыми зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізеді; тарихи және мәдени ескерткіштерді техникалық байқау актілерін жасауға қатысады;

4) Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның отырысына құзыреті бойынша материалдар дайындайды;

5) Облыстың тарих және мәдениет ескерткіштері, киелі объектілері бойынша ғылыми зерттеулерді, материалдарды насихаттау және танымал ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.