Орталық мамандары Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші - Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне экскурсия ұйымдастырды. Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Орталық маманы Әбдірахманова Дәмегүл Бақытқызы ескерткіштің орнатылу тарихы туралы әңгімеледі, биылғы жылы ескерткіштің ашылғанына 55 жыл толғанын атап өтіп, ұлы қазақ педагогының қызметі туралы айтып берді.